Тоқаев Ғаниді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани телефон арқылы сұхбатта екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылады.
Ауғанстан Президенті өз әріптесіне ауғандықтар арасында диалогты жалғастыруды қолдағаны және әсерлі де ауқымды экономикалық көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.
Тоқаев өз кезегінде Нұр-Сұлтан үкіметінің Ауғанстан үкіметін жан-жақты қолдау саясатына берік екенін айтып: «Қазақстан жоғары деңгейде халықаралық және аймақтық ұйымдардың Ауғанстанның экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдарын қайта жөндеу үшін Кабулға көмектесіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында атқарып жатқан шараларына белсене атсалысады»,-деді.
Тоқаев Ауғанстанмен жан-жақты байланыста болу үшін арнайы мекеме құруға бұйрық бергенін айтты.
Қазақстан мен Ауғанстан басшылары осы сұхбатта ауған делегациясының биылғы жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға сапары барысында айрықша мәселелер жөнінде сұхбаттасып, әріптестік жасауды жалғастыруға келісті.