Қазақстан Сочиде өтетін «Сирия бейбітшілігі» келіссөзіне қатысады
Ақп 19, 2021 01:05 Asia/Almaty
Қазақстан СІМ-нің арнайы өкілі Ресейдің шақыруымен Сочиде өтетін «Сирия бейбітшілігі» атты он бесінші халықаралық келіссөзге қатысады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Талғат Қалиев осы отырысқа қатысушы делегациялардың басшыларымен кездеседі.
БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Гейр Педерсен мен Ресейдің Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Қазақстандағы «Сирия бейбітшілігі» үдерісінің ілгерілеуін оң бағалап, келіссөздің келесі кезеңінің Нұр-Сұлтан қаласында өтетініне үміт білдірді.
Тегтер