Қазақстан Сирияның 15-ші бейбітшілік отырысының нәтижелерін қолдады
Ақп 20, 2021 21:19 Asia/Almaty
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме шығарып, «Астана үдерісі» аясында өткен 15-ші Халықаралық Сирия отырысының нәтижелерін қолдады.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, бұл мәлімдемеде: «16-17 ақпанда Сочиде «Астана үдерісінің» демеушілері, соның ішінде Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі қатысқан көпжақты консультациялары 2021 жылға жоспарланған президент сайлауы қарсаңында Сирия дағдарысын саяси тұрғыдан шешудің өзектілігін растады. Осыған байланысты, Қазақстан «Астана үдерісінің» қағидаларына адалдығын растады»,- деп айтылды.