Жаһандық инновация индексі бойынша Қазақстан 77-ші орында
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i50620-Жаһандық_инновация_индексі_бойынша_Қазақстан_77_ші_орында
Жаһандық инновациялық индекс жыл сайынғы (2020 ж.) рейтингі бойынша Қазақстан 77-ші орынды иеленді.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Ақп 23, 2021 20:18 Asia/Almaty
  • Жаһандық инновация индексі бойынша Қазақстан 77-ші орында

Жаһандық инновациялық индекс жыл сайынғы (2020 ж.) рейтингі бойынша Қазақстан 77-ші орынды иеленді.

Жаһандық инновациялық индекс (GII) бойынша жаңа есебінде Қазақстан 131 елдің арасында 77-орында. Бұл Ресей, Армения және Беларуссия сияқты елдерден төмен. Бұл рейтинг инновацияларды жүргізу үшін қолда бар ресурстар мен жағдайлар  және инновацияларды жүзеге асырудың қол жеткізілген практикалық нәтижелерін бағалауға негізделген. Қазақстан аталған көрсеткіштердің 1-тобы бойынша рейтингіде 131-ден 60-орынды және 2-топ бойынша 94-орынды иеленді. Инновациялардың даму деңгейін сипаттайтын барлық 80 көрсеткіш 7 ірі санатқа біріктіріледі. Бұл есеп бойынша, Нұр-Сұлтан «институттар» (институционалдық құрылым) санатында ең жоғары көрсеткіш бар: мұнда ел индексі 69-ды құрады. «Институттар» санаты бизнесті, саяси ортаны және нормативтік-құқықтық базаны бағалайды. Қазақстандағы ең төмен көрсеткіш  «шығармашылық нәтижелер» санаты бойынша болды.