Қазақстанда Мәдениет және спорт министрінің орынбасары қамауға алынды
Ақп 24, 2021 19:12 Asia/Almaty
Қазақстанның кейбір ақпарат құралдары бұл елдің Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтың қамауға алынғанын хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігі бұл мәліметке сүйеніп, жемқорлыққа қарсы қызмет адамдары Мұсайбековты Дубайға ұшатын ұшақтан ұстағанын мәлімдеді. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 19 ақпандағы бұйрықпен Мұсайбековтың 2021 жылдың 22 ақпанынан 5 наурызына дейін еңбек демалысында екенін айтты.