Қазақстан мен Ресей Каспий теңізіндегі мұнай кен орындарын дамытуға келісті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i51180-Қазақстан_мен_Ресей_Каспий_теңізіндегі_мұнай_кен_орындарын_дамытуға_келісті
Қазақстан мен Ресей Каспий теңізіндегі «әл-Фараби» мұнай кен орнын дамытуға келісті.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Нау 18, 2021 19:32 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресей Каспий теңізіндегі мұнай кен орындарын дамытуға келісті

Қазақстан мен Ресей Каспий теңізіндегі «әл-Фараби» мұнай кен орнын дамытуға келісті.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Энергетика министрі, «ҚазМұнайГаз» компаниясының директорлар кеңесінің басшысы мен  Ресейдің «Лукойл» компаниясы басшысының кездесуінде осы ресейлік компанияның «Хвалинское», «Центральное» және «Жеңіс» мұнай жобаларына қатысып, бірлесе әрекет ету мәселесі талқыланды.

Тараптар келіссөзінің келесі кезеңінде екі ел компаниялардың арасында  жерасты қорларын пайдалану туралы келісімшартқа қол қойылып, 50,1 пайыз үлесі ҚазМұнайГазға және 49,99 пайыз үлесі Лукойлға тиесілі болатын ортақ компания құру туралы келешек мәміле толықтырылады деп күтілуде.