Наурыз – Қазақстанда тіршілік пен береке белгісі
(last modified Thu, 25 Mar 2021 10:20:15 GMT )
Нау 25, 2021 16:20 Asia/Almaty
  • Наурыз – Қазақстанда тіршілік пен береке белгісі

Наурыз – Қазақстанда әдемі тойланатын көне ұлық мейрам. Қазақстанда Наурыз мейрамы 22 наурыз күні тойланады. Казактар ​​бұл күні аспандағы жұлдыздар бастапқы нүктеге жетеді және барлық нәрсе жаңарып, жерді қуанышқа бөлейді деп сенеді.

 

Қазақстанда Наурыздың мерекелік рәсімдері наурыздың 14-і мен 23-і аралығында өткізіліп, «Сәлем күні», «Табиғат күні», «Ата-бабаларды еске алу күні», «Тарих күні» және «Даналық пен білім күні» сияқты ерекше атаумен атап өтіледі. Қазақстан халқы Иран халқы сияқты Наурыздың алдында үйлерін жинап жаңартады, жылдың басында үйді таза ұстау ауру мен жамандықты үй тұрғындарынан аулақ ұстайды деп сенеді. Наурыз күндері, ат жарысы, айтыс, көкпар, қыз қуу, алтыбақан өткізіледі.  Түрік тектес болғандықтан, бұл елдің халқы Наурызды  «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.