Қазақстанда "Наурыз" форумы өтті
Қазақстанның Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "Наурыз: бір рух, бір жанұя және бірнеше ұлт" атты форум өтті.
Аталмыш форумға Ақтау қаласында орналасқан Наурыз тойлайтын елдердің, соның ішінде ИИР, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан мен Түркияның бас консулдары мен басқа елдердің дипломатиялық өкілдері және Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімшілігінің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
ИИР-ның Ақтау қаласындағы бас консулы Малакутифар мырза форумда сөйлеген сөзінде Наурыздың рухани-мәдени тағылымдар мен құндылықтарды үйретудегі маңыздылығына тоқталып, оның 3 мың жылдан бері ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бізге жеткенін, Наурыздың рух пен бірлік сыйлайтын әдемі әдет-ғұрыптарының ырду-дырдуға толы заманауи индустриялды өмірдің тасасында қалып, жоғалып кетуіне жол бермеу керектігін айтты.
Форумның жалғасында Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан мен Түркияның бас консулдары сөз сөйлеп, Наурыз мейрамымен құттықтап, аймақ пен әлем елдері үшін жағдайдың жақсаруын тілеп, аймақтағы мәдени қарым-қатынаста Наурыздың алатын орны мен әрбір елде мерекені тойлау барысын баяндап берді.
Ш.Есенов атындағы университеттің ректоры Қазақстан халқының ұлттық мейрам ретіндегі Наурыздың маңыздылығына тоқталды.
Форумда Наурыз аумағына кіретін 5 елдің мерекелік салт-дәстүрлері туралы қысқа фильмдер көрсетілді.