Зариф: Иранның басым бағыты – көршілес елдер
Сәу 08, 2021 12:58 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Орта Азия аймағына сапарында Қазақстан басшыларымен кездесулерін жемісті болды деп сипаттап, Иранның басты басымдығы көршілес елдер екенін айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жеке парақшасында: «Дипломатиялық кездесулердің үшінші мақсаты, яғни Қазақстанда осы елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесулерім сәтті өтті»,-деп жазды.
Зариф: «Екі елде аймақтық тұрақтылық пен әлемді ядролық қарусыздандыру саласында ортақ мақсаттар көп»,-деді.
Зарифтің Орта Азияның төрт елі – Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан мен Түркіменстанға сапары осы аптаның дүйсенбі күні басталды.
Тегтер