Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Төрайымы Қазақстан Президентімен кездесті
Сәу 14, 2021 15:15 Asia/Almaty
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Төрайымы Қазақстанға рәсми сапары барысында бұл елдің президентімен кездесті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Сыртқы істер министрі әрі ЕҚЫҰ Төрайымы Анн Линдемен кездесуінде Қазақстанның ЕҚЫҰ қағидаттары мен құндылықтарына табанды екенін қуаттап, ұйыммен өзара әрекеттесуді Нұр-Сұлтанның сыртқы саяси басымдықтарының бірі ретінде атады.
Қазақстан Президенті екіжақты қатынастарды қарастыра отырып: «Нұр-Сұлтан экономикалық және гуманитарлық мәселелерге баса назар аудара отырып, Швециямен ынтымақтастықты одан әрі нығайтқысы келеді»,- деді.
Тегтер