Қазақстан Иранның әріптестігімен өзінің қолжазба нұсқаларын қалпына келтіргісі келеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i52108-Қазақстан_Иранның_әріптестігімен_өзінің_қолжазба_нұсқаларын_қалпына_келтіргісі_келеді
Қазақстанның Ғылым ордасы Ираннан өзінің қолжазба нұсқаларын қалпына келтіруге көмектесуді сұрады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Сәу 25, 2021 16:38 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранның әріптестігімен өзінің қолжазба нұсқаларын қалпына келтіргісі келеді

Қазақстанның Ғылым ордасы Ираннан өзінің қолжазба нұсқаларын қалпына келтіруге көмектесуді сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Алматыдағы бас консулы Мохсен Фоғани мен Қазақстан Ғылым ордасының төрайымы Лейла Әбубәкірованың кездесуінде екі елдің ғылым мен мәдениет саласында әріптестікті дамытуы туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Әбубәкірованың айтуынша, Қазақстанда 100 мыңнан аса қолжазба кітап бар, олардың шамамен 30 мыңы Шығыс тілдерінде, соның ішінде парсы, араб, қытай және түркі тілдерінде жазылған.   

Ол парсы тілінде жүздеген қолжазба мен төте жазумен жазылған қазақ, орыс және ұйғыр тіліндегі кітаптардың барына тоқталып, Ираннан осы кітаптарды қалпына келтіріп, нұсқаларды оқуға көмектесуді сұрады.

Кездесудің соңында Фоғани осы орталықтағы парсы, түркі, қазақ және орыс тілдеріндегі қолжазбалар мұражайы мен парсы тіліндегі нұсқалар қорын тамашалады.

Image Caption