Иран мен Қазақстан арасындағы кітапханалық ынтымақтастықты дамыту
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i52154-Иран_мен_Қазақстан_арасындағы_кітапханалық_ынтымақтастықты_дамыту
Иран мен Қазақстан Ұлттық кітапханасы директорлары Ашраф Бруджерди мен Бақытжамал Оспанова дүйсенбіде бірлескен вебинарда екі ел арасындағы кітапханалық, мәдени және ғылыми ынтымақтастықтың дамуын қуаттады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Сәу 27, 2021 17:57 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасындағы кітапханалық ынтымақтастықты дамыту

Иран мен Қазақстан Ұлттық кітапханасы директорлары Ашраф Бруджерди мен Бақытжамал Оспанова дүйсенбіде бірлескен вебинарда екі ел арасындағы кітапханалық, мәдени және ғылыми ынтымақтастықтың дамуын қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметінше, осы вебинарда Бақытжамал Оспанова  2005 жылы Иранның мәдениеті мен өркениетін түсінуге көмектесу, Иранның қазіргі және классикалық мәдениеті мен әдебиетін насихаттау және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін Қазақстан Ұлттық кітапханасында Иран павильонының ашылуына тоқталып, Ұлттық кітапхананың екіжақты ынтымақтастыққа деген қызығушылығын ерекше атап өтті. Қазақстан Ұлттық кітапханасының директоры Қазақстан Ұлттық кітапханасының 7 миллион томдық қазынасына және талғампаз парсы қолжазбаларының болуына сілтеме жасай отырып, кітапханадағы ең көне қолжазба XII ғасырдағы Құран екенін және оны қалпына келтіру қажеттілігін қуаттады.

Ашраф Бруджерди де Иранның Ұлттық кітапханасындағы көптеген кітаптарды цифрландыруға және баршаға қол жетімді етуге сілтеме жасай отырып, цифрлық көшірмелерді беру үшін Қазақстан Ұлттық кітапханасымен өзара әрекеттесуге дайын екенін мәлімдеді.