Жуырда Алматы- Теһран әуе жолы іске қосылады
Қазақстанның «Эйр Астана» әуе компаниясы тұңғыш рет Теһран- Алматы рейсін ашады.
Қазақстанның «Эйр Астана» әуе компаниясының атқарушы директорының орынбасары Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында биылғы маусым айында Теһран-Алматы әуе жолының іске қосылатынын хабарлап: «Аптасына үш рейс Алматыдан Теһранға ұшып барып қайтады» деді. Ол Иранның шетелдіктер үшін виза беру туралы жаңа заңына сілтеме жасап: «Бұдан былай шетелдіктер Иран әуежайынан оңай түрде виза алады. Осының өзі Иранға келетін саяхатшылардың санын арттырады» деген үміт білдіріп, Иранның туристік тартымдылықтарын баяндап: ««Эйр Астана» әуе компаниясы Иранға сапар шегетін жолаушылар үшін барлық жеңілдіктер мен тиісті мүмкіндіктерді әзірлейді» деді.
«Эйр Астана» әуе компаниясы бірнеше рет еуразиялық ең үздік әуе компаниясы ретінде танылған Қазақстанның ең беделді де тәжірибелі әуе компаниясы болып табылады.