Жапаров Қазақстан Сыртқы істер министрімен кеңесті
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бішкекке сапарында Қырғызстан Президентімен кездесіп, екіжақты әріптестіктерді кеңейту туралы кеңесті.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бішкекке сапарында Қырғызстан Президентімен кездесіп, екіжақты әріптестіктерді кеңейту туралы кеңесті.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуінде екі елдің достық, бірлестік және стратегиялық әріптестік рухын арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықты кеңейту қажеттігін қуаттады.
Жапаров: «Қырғыз тарапының Тәжікстанмен шекарадағы қайшылықтарды бейбіт жолмен саяси-дипломатиялық құралдарды пайдаланып шешу үшін жасаған талпыныстарының арқасында текетірестердің ушығып кетуіне жол берілмеді»,-деді.
Мұхтар Тілеуберді екі елдің арасындағы сауда көлемін жылына 1 млрд долларға жеткізуге талпынуды мемлекеттік органдардың маңызды міндеті деп атады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Қырғызстанда болып жатқан саяси-әлеуметтік реформалар, соның ішінде елдің жаңа конституциясының бекітілгеніне қолдау білдірді.