Алматы мен Самарқанд арасында әуе рейсі ашылды
(last modified Thu, 03 Jun 2021 08:46:32 GMT )
Маусым 03, 2021 14:46 Asia/Almaty
  • Алматы мен Самарқанд арасында әуе рейсі ашылды

Қазақстанның азаматтық авиация ұйымы Алматы мен Өзбекстанның Самарқанд қаласы арасында жаңа әуе рейсі ашылғанын хабарлады.

Қазақстанның Өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация ұйымы: «8 маусымнан бастап Алматы мен Самарқанд арасында тұрақты әуе рейсі іске қосылады»,-деп хабарлады. Әуе рейсі аптасына 4 рет болады. 2 рет Astana Air әуе компаниясы, ал 2 рет «Өзбекстан әуе жолдары» компаниясы тарапынан атқарылады. Қазақстан мен Өзбекстан ағымдағы жылдың наурыз айында «Ақтау-Үргенч» жаңа халықаралық рейсін ашты. Оны Қазақстанның Scat және «Өзбекстан әуе жолдары» компаниялары атқарады. Жалпы қазіргі таңда екі ел арасында Нұр-Сұлтан – Ташкент, Алматы – Ташкент, Ақтау – Үргенч бағыттарында тұрақты 24 рейс бар.

Тегтер