Қазақстан мен Өзбекстан басшылары аймақтағы соңғы өзгерістерді талқылады
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары телефон арқылы сұхбатта аймақтағы соңғы өзгерістерді талқылады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев телефон арқылы сұхбатта екі елдің стратегиялық байланысын одан ары тереңдетуге ынталы екенін білдіріп, іс жүзінде әріптестікті кеңейтуге қатысты мәселелерді талқылады.
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары осы сұхбат барысында өнеркәсіп, механикалық инженерия, ауыл шаруашылығы және тасымал салаларында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің тиімді түрде орындалуының маңыздылығын баса айтты.
Қазақстан мен Өзбекстан басшылары, сондай-ақ, аймақтық деңгейде күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелер жайлы пікір алмасып, Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, Орта Азияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында әріптестік жасауға ынталы екендерін білдірді.