Нұр-Сұлтанда Сирия келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді
Сирия туралы «Астана үдерісі» келіссөздерінің 16-шы кезеңі 7-8 шілде аралығында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі келіссөздерге Сирияда бейбітшілікке кепілдік беретін ИИР, Ресей мен Түркия делегациялары, сондай-ақ Сирия үкіметі мен бұл елдің қарулы оппозициясының қатысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл келіссөздерге БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың өкілдері бақылаушы ретінде қатысады. Сириядағы экономикалық, әлеуметтік, денсаулық сақтау және эпидемиологиялық ахуал, бұл елге халықаралық гуманитарлық көмек көрсету, кепілге алынған адамдарды босату және із-түссіз жоғалған адамдарды іздеу - келіссөздердің негізгі тақырыптары.
Сирияда бейбітшілік орнату мақсатындағы «Астана келіссөздері» 2017 жылы қаңтарда ИИР-ның бастамасымен және Ресей мен Түркияның ынтымақтастығымен басталды.