Қазақстан мұнай өндірісін арттыратын болды
(last modified Mon, 19 Jul 2021 10:18:22 GMT )
Шіл 19, 2021 16:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан мұнай өндірісін арттыратын болды

Қазақстан OPEC Plus келісіміне сәйкес мұнай өндіру көлемін арттырады.

Қазақстан Энергетика министрлігі өз мәлімдемесінде министр Нұрлан Ноғаевтың кеше OPEC Plus келісіміне мүше елдер министрлерінің бейнеконференциясына қатысқанына тоқталып: «Жаңа келісім бойынша Қазақстан мұнай өндіру көлемін арттырады»,-деді.

Осы отырыста күніне 5,8 млн баррель мұнай өндіруге қатысты шектеулер алынып тасталғанға дейін OPEC Plus келісіміне мүше елдер өндірісті жалпы айына 400 мың баррельге дейін арттыруға шешім қабылдады.   

Қазақстанның OPEC Plus келісімі аясындағы үлесі тамыз айында күніне 1,491 млн баррельге жетеді. Айлық өндірісі орташа есеппен алғанда күніне 16 мың баррельге артатын болады.

 

Тегтер