Қазақстан Түркияға көмектесуге дайын
Қазақстан президенті Түркия халқына тілеулестік білдіре отырып, Нұр-Сұлтан үкіметінің Анкара үкіметіне көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты осы елдің халқы мен президенті Режеп Тайып Ердоғанға жанашырлық білдірді.
Тоқаев: "Қазақстан Түркия халқына қолдан келген гуманитарлық көмекті көрсетуге дайын",-деді.
Түркияның оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы орманда ауқымды өрт болуы салдарынан осы күнге дейін жүздеген гектар орман алқабы жанып кетті. Анталия облысындағы Манавгат сияқты кейбір қалаларға өрт таралып, ондаған тұрғын үй өртеніп кетті.
Анталия ормандарындағы өртпен қоса Адана облысындағы орманды алқаптарда да ауқымды өрт басталды. Əуе жəне құрлықтан өртті сөндіру амалдары жүргізіліп жатыр.