Қазақстан мен Катардың арасында виза жойылып, тікелей рейс ашылады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i54818
Қазақстанның туристік басшылары Катармен келіссөз жүргізіп, Доха-Алматы-Доха бағытында тікелей рейс ашуға ниеттеніп отырғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 25, 2021 19:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Катардың арасында виза жойылып, тікелей рейс ашылады

Қазақстанның туристік басшылары Катармен келіссөз жүргізіп, Доха-Алматы-Доха бағытында тікелей рейс ашуға ниеттеніп отырғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауынша, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Әлихан Смаилов бастаған қазақ делегациясы Катар басшылары және сауда өкілдерімен кездесіп, 2021 жылы қазан айында Qatar Airways компаниясының Доха-Алматы-Доха бағытында аптасына екі рет тікелей рейс жасауына келісті. Смаиловтың айтуынша, екі ел азаматтары үшін 30 күн визасыз жүру заңы енгізіледі.