Қазақстанның бір әскери бөлімшесінде жарылыс болды
(last modified Fri, 27 Aug 2021 09:01:57 GMT )
Там 27, 2021 15:01 Asia/Almaty

Бейсенбі күні Қазақстанның Жамбыл облысындағы бір әскери бөлімшеде жарылыстар тізбегі болды.

Қазақстан басшылары: «Жарылыс салдарынан кемінде 32 адам жараланып, бөлімшеге жақын жердегі ауылдардың тұрғындары эвакуацияланды»,-деп мәлімдеді.   

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Руслан Шпекбаев: «Әскери бөлімшеде өрт шығып, арты жарылысқа ұласты. Бөлімшеде инженерлік амалдарда қолданылатын жарылғыш заттар сақталған еді»,-деді.

Темір жол басқармасының басшылары ауданнан өтетін тас жол мен темір жолдардың жабылғанын айтты.

Облыс әкімі: «Әскери бөлімшеде өрт әлі сөндірілген жоқ»,-деді.

Қазақстан Қорғаныс министрі: «Бұл қоймада инженерлік жарылғыш заттар сақталатын. Бұлар – алысқа ұшпайтын элементтер, сондықтан бөлшектер жан-жаққа шашырамады. Жарылғыш заттар соққы толқынын тудыру, дыбыстық соққы беру және от шығару үшін пайдаланылатын»,-деп мәлімдеді.

Бұл оқиғада 12 адам жараланды. Полиция аудандағы байланыс жолдарын жапты. 

Тегтер