Қазақстанда жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды
(last modified Wed, 01 Sep 2021 10:21:29 GMT )
Қыр 01, 2021 16:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанда жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қазақстан Президентінің бұйрығымен Мұрат Бектанов осы елдің Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Қазақстан жаңа Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 1965 жылы туған, Украинаның Киев әскери университеті, Қазақстан Қарулы күштерінің әскери академиясы, Ресей Қарулы күштері бас штабының академиясын бітірген. Әскери дәрежесі – генерал-лейтенант.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін осы елдің бұрынғы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Ол Жамбыл облысындағы әскери бөлімшелердің бірінде инженерлік оқ-дәрілер қоймасында шыққан өрт пен жарылыс салдарынан бірнеше сарбаз бен өрт сөндірушінің қаза болуына байланысты оқиғаның салдарлары жойылғаннан кейін қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді.   

Тегтер