Қазақстанда халық санағы басталды
(last modified Thu, 02 Sep 2021 09:05:48 GMT )
Қыр 02, 2021 15:05 Asia/Almaty
  • Қазақстанда халық санағы басталды

1 қыркүйекте Қазақстанда жалпыхалықтық санақ басталды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов: "Ел тарихында алғаш рет халық санағында сандық технологиялар пайдаланылады",-деді. 

Айдапкелов: "1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында халық санағы онлайн форматта өтеді. Онлайн қатыса алмайтын адамдар қазан айында  үкімет тарапынан тағайындалған санақшылардың сұрақтарына жауап бере алады",-деді. 

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері халық санағы үшінші рет өткізіліп отыр. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мəлімдеуінше, биыл елде  халық саны 19 миллионға жетті. 

Тегтер