Қазақстан мен Қырғызстанның өкілдері кездесті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i55128-Қазақстан_мен_Қырғызстанның_өкілдері_кездесті
Қырғызстанның Нұр-Сұлтандағы елшісі Дастан Дюшекеев өзінің сенімхатының көшірмесін Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмаз Хайдаровқа табыстады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 09, 2021 15:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстанның өкілдері кездесті

Қырғызстанның Нұр-Сұлтандағы елшісі Дастан Дюшекеев өзінің сенімхатының көшірмесін Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмаз Хайдаровқа табыстады.

Тараптар коронавирус жайлаған кездегі Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасының қазіргі жағдайы, экономика және инвестиция салаларында екіжақты әріптестікті дамыту перспективасы жайлы пікір алмасты.

Осы кездесу соңында Қазақстан Сыртқы істер министрі Қырғызстан елшісінің Нұр-Сұлтанда дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтап, оған сәттілік тіледі.