Қазақстан басшылары құс тұмауының өршуіне алаңдауда
(last modified Tue, 28 Sep 2021 15:08:00 GMT )
Қыр 28, 2021 21:08 Asia/Almaty
  • Қазақстан басшылары құс тұмауының өршуіне алаңдауда

Қазақстанның кейбір аймақтарында құс тұмауының өршуі шенеуніктер мен адамдарды алаңдатты.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі  күні   Қазақстанның Ветеринария Басқармасының бас маманы Нариман Тасболатов: «Құс тұмауы Ұлттық ветеринарлық орталықта жүргізілген зертханалық зерттеулермен расталды. Бұл инфекция су қоймада құстар мен су жануарларының байланысы нәтижесінде пайда болады. Вирустың бар-жоғын тексеру үшін жақын ауылдардың фермаларынан сынамалар алынды»,- деді.

Биыл аурудың таралуына байланысты және құс тұмауының алдын алу үшін бұл аймақта 1,2 миллион доза вакцина егілді.

 

Тегтер