Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 3,5 есе артты
(last modified Fri, 01 Oct 2021 11:43:41 GMT )
Қаз 01, 2021 17:43 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресейдің сауда айналымы 3,5 есе артты

Қазақстан Президенті Ресейдің өткен 15 жылда Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестиция көлемінің 19 млрд доллардан асқанын мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің он жетінші аймақаралық ынтымақтастық форумында: «Қазақстан территориясында 7500-ден аса ресейлік компания мен 3500-ге жуық ортақ компания жұмыс істейді»,-деді.

Тоқаев: «Осы күнге дейін Қазақстан мен Ресей арасында 200-ге жуық келісім мен келісімшартқа қол қойылды. Қазақ кәсіпкерлері Ресейге 4,5 млрд доллар инвестиция салды»,-деді.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы  және инфрақұрылым салаларында ауқымды әріптестік жасайды.

Қазақстан мен Ресейдің он жетінші аймақаралық форумы онлайн форматта екі ел басшыларының қатысуымен «Қоршаған орта және жасыл экономиканы дамыту» тақырыбында өтті.  

Тегтер