Қазақ жазушысы: Аятолла Хаменеи – АҚШ-қа қарсы шыққан жалғыз тұлға
(last modified Mon, 04 Oct 2021 10:55:56 GMT )
Қаз 04, 2021 16:55 Asia/Almaty
  • Қазақ жазушысы: Аятолла Хаменеи – АҚШ-қа қарсы шыққан жалғыз тұлға

Қазақ жазушысы Бақытқожа Рүстемов Иранның Қазақстандағы мәдени өкілімен кездесуінде: «Аятолла Хаменеи – АҚШ-қа қарсы шыққан және өз шешіміне сенетін жалғыз тұлға»,-деді.

«Раса» ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Иранның Қазақстандағы мәдени өкілі Әли Акбар Талеби Матин «Тәуелсіздік және ұлттар достығы» атты көрмені аралау барысында «Имам Хомейнидің (р) ойшылдық антропологиясы» атты кітапты аударған қазақ жазушысы Бақытқожа Рүстемовпен кездесті.

Б. Рүстемов: «Иран – халықаралық сахнада маңызды орны бар ірі ел. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи – әлемде имам Хомейнидің (р.) жолын үрейсіз жалғастырып келе жатқан жалғыз жетекші»,-деді.

Көрнекті қазақ жазушысы: «Иран Ислам революциясының жетекшісі – мызғымас иман және мұқалмас ерік-жігермен мазлұмдарға көмектесіп, ислам әлемі үшін мықты тірек болып отырған ұлы да дана діни тұлға»,-деп мойындады.  

Тегтер