Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басшылары кездесті
Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) Еуразия департаментінің басшысы кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты арттыру мәселесін талқылады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Душанбе қаласында Әлихан Смаилов Уильям Томпсонмен кездесуінде Қазақстанның 2025 жылы осы ұйымға кіру үшін тиісті қолдау білдіруін сұрады.
Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары: «Ұзақ мерзімді әріптестікке жаңа стимул болуы үшін Қазақстан тарапы атқаратын шаралар белгіленген жаңа жоба дайындалып жатыр»,-деді.
Әлихан Смаилов: «Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ынтымақтастық перспективасы жемқорлықпен күресу, инвестиция тарту, тиімді басқару және заң билігін қамтамасыз ету салаларын қамтиды»,-деді.