Қазақстанда ирандық тауарлардың тұрақты көрмесі ашылады
Қар 01, 2021 17:10 Asia/Almaty
Қазақстанда Иранның Солтүстік Хорасан облысы өнімдерінің тұрақты көрмесі ашылады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Солтүстік Хорасан облысындағы Сауда, кен, өнеркәсіп жəне ауыл шаруашылығы палатасының басшысы: "Иран мен Қазақстан арасындағы меморандумға сəйкес Алматыда осы облыс өнімдерінің тұрақты көрмесі ашылады",-деді.
Саид Пурабадидің айтуынша, Қазақстан да осыған ұқсас көрмені Боджнурдта ашады. Осы мақсатты орындау үшін екі ел бір-біріне 2 га жер береді.
Иранның мұнай-химия, егін жəне бау-бақша, тау-кен өнімдері, қолөнер бұйымдары мен туристік тартымдылықтары Қазақстанға ұсынуға болатын ең маңызды тауарлар саналады.
Тегтер