Қазақстанда әуе билеттері қымбаттады
Қазақстанда соңғы бір жылда (2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың қазанына дейін) әуе көлігі қызметтерінің бағасы орта есеппен 8,7 пайызға өсті.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, тек Солтүстік Қазақстан облысында әуе көлігінің бағасы тұрақты қалды, ал елдің басқа 3 аймағында билет бағасы тіпті 9 пайыздан астамға өскен. Мәселен, Түркістан өлкесінде әуе тасымалы қызметі 30 пайызға, Қызылордада 23 пайызға, Маңғыстауда 19 пайызға өсті. Бұл жағдайда билет бағасы Паволдар облысында 13 пайызға, Батыс Қазақстанда 15 пайызға және Ақмола облысында 23 пайызға арзандады.
Әуе компаниялар кірісі бір жыл ішінде екі есеге жуық өсіп, қыркүйектің соңында 265,7 миллиард тенгеге жетті. Өткен жылдың тоғыз айында бұл компаниялардың кірісі 135,8 млрд теңгені құраған.