Теһранда Қазақстан көрмесі басталды
Қар 13, 2021 13:50 Asia/Almaty
Кеше Иран астанасы Теһранның Zarna галереясында Қазақстан республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Атажұртым – Қазақстан" атты көрме басталды.
Көрмеде ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, түскиіздер мен кілемшелер, картиналар мен кітаптар қойылған.
Көрмеге Иранның медиа өкілдері және өнерпаздарымен қоса, Қазақстанның Ирандағы елшілігінің кеңесшісі Дүйсебай Дәуірбек қатысып, алғысөз айтты.
Көрме 6 күнге созылады. Ұйымдастырушы – ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының аудармашысы Омарханова Гаухар Жұмағазықызы.
Тегтер