Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ әскери жаттығуы өтеді
Қазақстан мен Өзбекстанның армиялары Ауғанстанның шекарасына жақын жердегі Термез қаласында ортақ әскери жаттығу өткізеді.
Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі: «Ауғанстанның шекарасына жақын жерде Қазақстан мен Өзбекстанның құрлық күштерінің қатысуымен «Армия-2021» әскери жаттығуы өтеді»,-деп хабарлады.
Өзбекстанның Қорғаныс министрі Қадыржан Тұрсынов пен Қазақстан армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы Қаныш Әубәкіров кездесіп, екі елдің қарулы күштері арасында әскери тәжірибемен алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Ортақ әскери жаттығу 24 қарашаға дейін жалғасын табады.
Қазақстан мен Өзбекстанның Қарулы күштері қараша айының басында Қазақстанның «Гвардейский» әскери полигонында «Армия-2021» ортақ әскери жаттығуын өткізген болатын.