Қазақстан логистикалық орталықтар салуға ниетті
Жел 09, 2021 21:54 Asia/Almaty
Қазақстан Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен бірге 4 логистикалық орталық салады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Ресеймен екі трансшекаралық логистикалық орталық, Өзбекстан және Қырғызстанмен екі тасымал орталығы салынады",-деді.
Тоқаев Қазақстанның заманауи инфрақұрылымын дамытудағы мақсаты көршілес елдердің нарықтарына шығуға талпыну деп атады.
Тоқаев: "Хоргос" халықаралық трансшекаралық әріптестік орталығы сәтті жұмыс істеп тұр. Енді осындай 4 орталық салу жоспарда бар",-деді.
"Хоргос" еркін сауда орталығы Қытай мен Қазақстанның шекарасында орналасқан.
Тегтер