Қазақстан мен Қырғызстан басшылары арасында бірнеше ынтымақтастық келісіміне қол қойылды
Қазақстан мен Қырғызстан басшылары бірнеше ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
Fars ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Қырғызстан Премьер-министрі Ақылбек Жапаровтың Нұр-Сұлтанға іссапары барысында өткен келіссөздердің нәтижесінде екі ел арасында 5 ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.
Екі ел арасында Қырғызстан аумағында көтерме сауда орталықтарын салу және пайдалану үшін ортақ "Жол картасын" жасау, 2022-2024 жылға "Алматы-Бішкек" экономикалық дәлізінде инстанциялық зертханаларды дамытуға шара қолдану, Орта Азия аймағының қауіпсіздігін кепілдендіру үшін әскери-техникалық көмек беру, Қазақстан пен Қырғызстан жолдарындағы бекеттер аумағында сауда, логистика және өнеркәсіп кешендерін салып, іске қосу үшін ортақ жоба жасау, Қазақстаннан Қырғызстанға 1000 электроавтобус жалға беру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру және туризм салаларындағы әріптестікті одан ары дамыту потенциалы туралы 5 келісімшартқа қол қойылды.