Иран мен Қазақстанның жеке секторлары екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамытуда әсерлі рөл ойнайды
Иран-Қазақстан парламентаралық достық тобының басшысы екі ел жеке секторларының екіжақты экономикалық қарым-қатынасты дамытуда әсерлі рөл ойнайтынын баса айтты.
ИИР Парламенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ғұламреза Нури Ғезелче жексенбі күні Теһранда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойға қатысып: «Иран мен Қазақстанның қарым-қатынас деңгейі түрлі салаларда, соның ішінде сауда-экономикалық салада көбірек әріптестік жасау арқылы жоғарылай алады»,-деді.
Нури Ғезелче екі елдің парламенттері өзара байланысты дамытуға қажетті әлеуетке ие екенін айтып: «Екі елдің парламентаралық достық топтарының әріптестігі өзара әрекеттестікті дамытуда әсерлі рөл ойнайды»,-деді.
Нури Ғезелче Қазақстан үкіметі мен халқын Ұлттық күнмен құттықтап, екі елдің қатынасын нығайтып, тереңдетуді қалайтынын білдірді.