Қазақстан президенті үкіметтің отставкаға кетуіне келісім берді
(last modified Wed, 05 Jan 2022 10:31:06 GMT )
Қаң 05, 2022 16:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан президенті үкіметтің отставкаға кетуіне келісім берді

Қазақстанда кең тараған халық наразылығы тұсында президент үкіметтің отставкаға кетуіне келісім берді.

 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отставкаға кетуге келісім бергеннен кейін Асқар Маминнің орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты уақытша тағайындады.

Президент кеңсесі сұйытылған табиғи газ бағасының көтерілуіне қарсы жаппай халық наразылығынан кейін Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыда және Маңғыстау облысының кейбір қалаларында екі аптаға  әскери жағдай жариялады. Сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат күшіне еніп, кез келген үлкен жиынға тыйым салынады. Тоқаевтың сөз сөйлеуімен бір уақытта Алматы қаласының полициясы қалалық әкімшілік ғимаратына қарсы шабуыл жасаған шаерішілерге қарсы тұрып, көзді жасаурататын газ бен дыбыстық гранаталарды қолданды. Шерушілер биліктен автокөлік газының литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтермеуді  талап етті. Қазақстанның Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасының көтерілуін сұраныс пен ұсынысты реттеудің қолайлы шарасы ретінде сипаттап, тұтыну көлемінің артуына қарамастан, газ өндірудің жылдық көлемі тұрақты сақталып отырғанын атап өтті.