БАҚ: Алматының екі үлкен ауруханасы қоршауда
Қаң 06, 2022 18:14 Asia/Almaty
Қарулы адамдар Алматыдағы екі ірі аурухананы қоршауға алды.
Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік торабынің қазақ тіліндегі радиосының хабарлауынша, қарулы адамдар Алматыдағы екі үлкен аурухананы қоршап, науқастар мен дәрігерлерге бұл жерге баруға тыйым салып, адамдардың өміріне қауіп төндірді.
Бүгін таңертең атыс қаруымен қаруланған жігіттер Алматыдағы 1 және 7-ші екі үлкен клиникалық аурухананы қоршап алды. Алматы қолбасшылығының хабарлауынша, наразылық білдірушілер науқастарды, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін ауруханаларға кіргізбей, олардың өміріне қауіп төндірген.