Қашқын банкир Қазақстандағы наразылық акцияларын мойнына алды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i58106-Қашқын_банкир_Қазақстандағы_наразылық_акцияларын_мойнына_алды
Қазір қашқын және Интерпол іздеуінде жүрген Қазақстандағы «Банк Туран Алем», кейін БТА деп атанған банкінің бұрынғы басшысы, өзін наразылық акцияның жетекшісі деп таныстырды.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Қаң 08, 2022 20:09 Asia/Almaty
  • Қашқын банкир Қазақстандағы наразылық акцияларын мойнына алды

Қазір қашқын және Интерпол іздеуінде жүрген Қазақстандағы «Банк Туран Алем», кейін БТА деп атанған банкінің бұрынғы басшысы, өзін наразылық акцияның жетекшісі деп таныстырды.

Мұхтар Әблязов жұма күні Reuters агенттігіне берген сұхбатында: «Күн сайын Алматыдағы наразылық білдірушілер қалай әрекет ету керектігін сұрайды», - дед. Ол сондай-ақ, егер наразылық ақылға қонымды деңгейге жетсе, Қазақстанға «уақытша үкіметті» басқаруға оралатынын хабарлады. Бұрынғы банкир сонымен бірге наразылық акцияларын үйлестіру үшін Батыс елдерінен қаржы алмағанын айтты. Сонымен бірге Әблязов Батыс елдерін Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға араласып, республиканың Ресеймен жақындасуына жол бермеуге шақырды. Әблязовке қатысты қылмыстық істер Ресейде, Қазақстанда және Украинада жарияланған. Оған алаяқтық, жалған құжат жасау және билікті асыра пайдаланды деген бірнеше баптар бойынша айып тағылды.