Қазақстандағы тыныштық Иран үшін аса маңызды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i58136
Иран мен Қазақстан парламентаралық достық тобының басшысы аймақтағы кез келген текетіресті айыптап: «Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық Иран үшін аса маңызды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 10, 2022 18:52 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы тыныштық Иран үшін аса маңызды

Иран мен Қазақстан парламентаралық достық тобының басшысы аймақтағы кез келген текетіресті айыптап: «Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық Иран үшін аса маңызды»,-деді.

Ғұламреза Нури Қезелче жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Орта Азиядағы тұрақсыздық пен тынышсыздықтың лаңкестік топтардың белсендігіне жағдай жасап жатқанын айтып: «Қазақстан үкіметі мен халқы тынышсыздық пен тұрақсыздық салдарынан осындай тәкфірлік ағымдардың белсендігіне жағдай тудырып алмауларын абайлауы керек»,-деді.

Иран мен Қазақстан парламентаралық достық тобының басшысы: «Қазақстан үкіметі мен халқы маңызды оқиғаларда Иран халқымен бірге болды. Бұл елдегі тыныштық пен тұрақтылық Иран үшін маңызды да құнды және екі жақтың қарым-қатынасына әсерлі. Сол себепті Иран бұл елде әрдайым тыныштық болуын қолдайды»,-деді.