Қазақстандағы бүлікке шетелдік күштер араласқан
(last modified Mon, 31 Jan 2022 16:55:39 GMT )
Қаң 31, 2022 22:55 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы бүлікке шетелдік күштер араласқан

2022 жылдың алғашқы күндерінде Қазақстанның 20 ірі қаласында болған ауқымды халықтық наразылықтар мына ақиқатты айқындады: елдегі соңғы бүлікте бөгде күштердің рөлі мен әсері аса зор болды.

Басқа сөзбен айтқанда қаңтар айында Қазақстанда болған соңғы бүліктерде шетелдік араласушылық әсерлі де күшті болғанын теріске шығаруға болмайды. Кейбір бөгде елдер өздерінің, әсіресе Батыс елдерінің мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда өзгеріс жасауды көздеген сыңайлы.  

2022 жылы 2 қаңтарда Қазақстанда басталған халықтық наразылықтар барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаға шетелдік күштердің  араласып жатқанын сан рет айтты. Осы арада Ұлыбритания мен АҚШ бастаған Батыс елдері және аймақтағы кейбір елдердің теріс те болса, әсерлі рөліне көзжұмбайлықпен қарауға болмайды.

Шын мәнінде Батыс елдері аймақтағы кейбір елдердің көмегімен Тоқаев үкіметін құлатып, Қазақстанда өздеріне жағымды үкімет құруға еселене күш салды. Бірақ Иран, Ресей мен Қытай сияқты тәуелсіз елдердің Қазақстан үкіметін қолдап, табандылық танытуы шет мемлекеттердің қастандықтарының жеңіліс табуына әкеліп соқтырды.

Қалай болғанда да, Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым елдегі тынышсыздықтарда бөгде елдер рөл ойнағанын айтып келеді. Жуырда тағы да шетелдік бүлікшілердің соңғы тынышсыздықтарға араласқанын тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қаңтар айындағы тынышсыздықтарда лаңкестер Алматы әуежайын басып алды. Олар қарулы адамдар мен лаңкестерді ешбір қиындықсыз қалаға кіргізіп, үкіметке қарсы шабуылдарды басқартуды көздеді",-деді.  

Тоқаев, сондай-ақ: "Бұл адамдар Орта Азия елдерінің бірінен Қазақстандағы бүлікті басқару үшін келді",-деді.

Қазақстан Президентінің соңғы сөздерін шетелдік содырлардың осы елде және болашақта Орта Азияның басқа елдеріндегі бүліктерде рөл ойнайтынын ескерту деп түсінуге болады.