Қазақстан Премьер-министрі Өзбекстанға келді
Қазақстан Премьер-министрі бүгін жоғары лауазымды қайраткерлер делегациясын бастап, Өзбекстанға келді.
Қазақстан Өзбекстанның жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,9 миллиард долларды құрады. Сапар аясында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесіп, пікір алмасады.
Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің төменгі парламенттері төрағаларының кездесуі өтіп, осы отырыс нәтижесінде Қазақстан мен Өзбекстан парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру мақұлданды. Бұл саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық әлеуетін бірте-бірте арттыруға және екі ел халықтары арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұған дейін Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов пен Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Асқар Мамин де екі ел арасындағы тауар айналымын 2022 жылы 5 миллиард долларға дейін жеткізуге келісті.