Иран мен Қазақстан ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес саласында әрекеттесу қажеттігін қуаттады
Иран мен Қазақстанның Жоғары сот басшылары ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес саласында әрекеттесу қажеттігін қуаттады.
Қазақстан Бас прокурорының аға көмекшісі Үсен Құсайынов Иран Бас прокуратурасы кеңсесінің басшысы Әли Акбар Бахтияримен кездесіп, екі елдің сот органдары арасында ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күресте бірлесе әрекет етіп, соттық-құқықтық салаларда әріптестікті арттыру қажеттігін қуаттады.
Сондай-ақ, осы кездесуде Каспий теңізі, сотталғандармен алмасу, өзара байланыстарды дамыту мәселелері де талқыланып, екіжақты ынтымақтастық меморандумы баптарының орындалу барысын қадағалау қажеттігі айтылды.
2016 жылы Иран мен Қазақстанның бас прокурорлары арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.