Қазақстан Республикасы делегациясының Тегеранға сапары табысты өтті
(last modified Wed, 23 Feb 2022 12:37:08 GMT )
Ақп 23, 2022 18:37 Asia/Almaty
  • Қазақстан Республикасы делегациясының Тегеранға сапары табысты өтті

2022 жылғы 19-22 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Тегеранға сапармен келді.

Өкілдері 50-ден астам адам болған делегация құрамында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Экология, Геология және экология министрлерінің орынбасарлары, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағалары, «KazTrade» АҚ басшылары, Қазақстан Республикасы Стандарттау және метрология институты, Ұлттық аккредиттеу орталығы, Ақтау теңіз порты, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің, Бас прокуратураның, «СК-Фармация» мемлекеттік компаниясының өкілдері және т.б болды.

Делегацияның ішінде азық-түлік, ұн тарту, ет, тағамдық май, химия, металл, IT, телекоммуникациялық өнімдер мен құрылыс материалдарын өндіретін 15 қазақстандық экспорттаушы компания болды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бахыт Сұлтанов ИИР Ауыл шаруашылығы министрі Саид Джавад Садати Нежадпен бірге Қазақстан-Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысына төрағалық етті. Бұл отырыста сауда, экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, банк ісі, көлік және логистика, соның ішінде әуе, автомобиль, теміржол және теңіз тасымалы, өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі, туризм, мәдениет, энергетика, кеден, стандарттар, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау, білім беру, еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру, құқықтық және сот саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ еркін аймақтар мен сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы ынтымақтастық талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссияның қорытынды хаттамасына Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті мен Иран Кедені арасындағы Хаттамаға, «KazTrade» мемлекеттік компаниясы мен Иранның Сауданы дамыту ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға, сондай-ақ стандарттау ұйымдары арасындағы үш меморандумға қол қойылды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары және ИИР Ауыл шаруашылығы министрі ИИР Сауда-өнеркәсіп палатасының президентімен бірге 200-ден астам компания қатысқан Қазақстанның Ирандағы сауда миссиясы мен Қазақстан-Иран бизнес форумын ашты.

Миссия мен Форум барысында қазақстандық ет, азық-түлік өнімдері, ұн және т.б. экспортқа 14 миллион АҚШ долларын құрайтын іскерлік келісімшарттарға қол қойылды.

Бизнес форум

 

Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Иран Ислам Республикасының Бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесіп, Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады. Тараптар алдағы уақытта тауар айналымын 3 миллиард долларға жеткізуге күш салу туралы уағдаласты. Аталған мақсатқа қол жеткізудің негізгі жолы ретінде тауарлардың, әсіресе азық-түлік тауарларының кең спектрімен SWOP алмасу саласындағы ынтымақтастық ұсынылды.

Сапар аясында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Иран Ислам Республикасы Өнеркәсіп, сауда және тау-кен министрінің орынбасары – Иран Сауданы дамыту ұйымының президенті Әлиреза Пейманпакпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту, тауар айналымын арттыру және екіжақты саудадағы бар кедергілерді шешу жолдарын талқылады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Руслан Бәймішев Иран Ислам Республикасының Индустрия, сауда және тау-кен министрінің орынбасары – IMIDRO компаниясының президенті Важихолла Джафаримен кездесіп, тау-кен саласындағы ирандық компаниялармен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ол, сондай-ақ, тау-кен саласында жұмыс істейтін ирандық компанияларды қабылдап, Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіне инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстан Республикасының Экология, геология және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Талғат Момышев Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, тау-кен және сауда вице-министрі әрі Геология және пайдалы қазбаларды барлау ұйымының басшысы Әлиреза Шаһидимен кездесті. Кездесу барысында геология ғылымы мен технологиясы, табиғи және минералдық ресурстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Нәтижесінде тараптар түсті және бағалы металдарды барлау туралы келісімге қол қоюға келісті.

Ол, сондай-ақ, Иран Ислам Республикасының Орман, жайылымдар және су айдындары ұйымының басшысы Масуд Мансурмен кездесу барысында су саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Әли Алтынбаев Иран Кеден басқармасының басшысы Әлиреза Моғаддасимен кездесті. Бұл кездесудің басты тақырыбы кеден саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру болды.

Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов Иранның Ұлттық стандарттау ұйымы Эхсан Садехпен кездесіп, стандарттар саласындағы кейбір мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аға көмекшісі Зейнелғабден Құсайынов Қазақстан Ислам Республикасы Бас Прокурорының орынбасары доктор Фаваедимен және Иран Ислам Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас директоры доктор Фаллахпен кездесті. Тараптар тиісті мәселелерді талқылады.