Токаевтың Қазақстандағы билік жүйесін өзгерту талпынысы
(last modified Mon, 21 Mar 2022 10:16:37 GMT )
Нау 21, 2022 16:16 Asia/Almaty
  • Токаевтың Қазақстандағы билік жүйесін өзгерту  талпынысы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметі Ресейге Украинаға әскер жіберуге теріс жауабынан кейін Нұр-Сұлтан үкіметі осы елдегі басқару құрылымын өзгерту әрекеті бойынша өзінің екінші маңызды шешімін жария етті.

 

Қазақстан Президентінің Ресейге теріс жауабы биылғы жылдың қаңтарында ресейлік бітімгерлер Қазақстанға тыныштық орнатқаннан кейін болды. Қазақстанда сұйытылған газ бағасы қымбатталғаннан кейін елдің 20 қаласында наразылық шерулері басталған. Қасым-Жомарт Тоқаев  шетелдік үкіметтерді, әсіресе АҚШ пен Ұлыбританияны халықаралық сионизмнің кеңесі бойынша пантүркизмді үнемі насихаттап жүрген аймақтық үкіметке көмектесуін айыптады және өткен отыз жылдағы   шетелдіктердің Қазақстанға еніп, қазақ саясаткерлерінің құрылымдарын жою әрекеттерін әшкереледі. Тоқаевтың бұл әшкерелеулері және өз мақсаттарына жету үшін Қазақстанға тәкфіршіл лаңкестерді жіберуге бағытталған шетелдік әрекеттердің анықталуымен   Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан  үкіметінің саяси жүйесін нығайтуға тағы бір қадам жасады. Бұған дейін Тоқаев Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жақын туыстарына берілген барлық қызметтерді алып тастау арқылы Қазақстандағы шетелдік ықпалды іс жүзінде тоқтатты. Жаңа қадаммен Қазақстан президенті Орталық Азияда тәуелсіз үкімет құруға қадам жасап жатқанға ұқсайды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Ұлттық ассамблеяға мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге бағытталған ұсыныстар енгізді. Ұлттық ассамблеяның жуырда өткен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстанның заң шығарушы органына көбірек өкілеттік беру керектігін айтып: «Мұндай жүйені құру мемлекеттік институттардың серпінді тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді»,- деді. Тоқаев сондай-ақ саяси бәсекеге қабілеттілікті және елдегі барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең бәсекелестік жағдайды қамтамасыз ету үшін президенттің міндетін атқарған кезінде қандай да бір партияға мүшелігін тоқтатып, Қазақстанның саяси даму моделін қайта құру бойынша саналы қадамдар жасау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президентінің бұл шешімі аймақтағы және әлемдегі барлық елдердің, соның ішінде Ресейдің ықпал арналарын жабу мақсатында қабылданған сияқты. Қазақстан Президентінің соңғы шешімінің оның кеңесшілерімен көтерілгені немесе кейбір шетел үкіметтердің осы салада  Нұр-Сұлтан үкіметіне ұсыныс жасағаны әлі белгісіз.