Қазақстан Сыртқы істер министрі Грузия және Швеция Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сұхбаттасты
Қазақстан Сыртқы істер министрі Грузия және Швеция Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сұхбаттасып, сауда, экономика, инвестиция, тасымал және логистика салаларында екіжақты қарым-қатынасты одан ары дамыту мәселесін талқылады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Грузия Сыртқы істер министрі Давид Залкалианимен телефон арқылы сұхбатта екі елдің жоғары транзиттік потенциалына тоқталып, Каспий теңізі арқылы халықаралық тасымал жолында жүк тасымалдауды кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін баса айтты. Тараптар Қазақстан мен Грузияның сауда-экономикалық ынтымақтастығына қатысты үкіметаралық комиссиясының он бірінші отырысын жақын болашақта Тбилисиде өткізуге келісіп, екі ел әріптестігіндегі маңызды мәселелерді талқылап, басты халықаралық тақырыптар жайлы сөз қозғады.
Мұхтар Тілеуберді Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линдемен телефон арқылы сұхбатында маңызды мәселелер, соның ішінде Украинаның жағдайы жайлы кеңесті.
Қазақстан Сыртқы істер министрі: "Нұр-Сұлтан үкіметі Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының осы елдің экономикасына теріс әсерінің алдын алуға талпынады",-деді.
Сондай-ақ, Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы түйткілдер және Хельсинки келісіміне сәйкес осы ұйымның ықпалын арттыру жолдарын талқылады.
Қос тарап Қазақстан мен Швецияның әріптестігін дамыту кезеңдеріне қатысты мәселелерді талқылап, халықаралық сахнада көбірек әріптесудің басым бағыттарын анықтп, соның ішінде Стокгольм бастамасын орындауды баса айтты.