Қазақстан Ресейге санкция салуға қарсы
(last modified Sat, 09 Apr 2022 12:45:40 GMT )
Сәу 09, 2022 18:45 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ресейге санкция салуға қарсы

Қазақстан Ресейге қарсы санкциялар енгізетін топқа қосылуға қарсы болып, Мәскеумен сауда қарым-қатынасын жалғастыру және дамыту қажеттігін қуаттады.

 

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елінің Ресейге қарсы санкцияларға қосылып, Ресейдің мүдделеріне нұқсан келтіретін шаралар қабылдауға ниеті жоқ екенін айтты. Тілеуберді санкцияларды жанжалды шешудің тиімді жолы емес деп тауып: «Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларынан басқа санкцияларды елдерге қысым көрсету құрал ретінде пайдалануға қарсы»,- деді. Ол Қазақстанның санкциялардың экономиканың дамуына елеулі әсерін тигізбеу үшін ұлттық мүдделерді қорғауға күш салып жатқанына тоқталып: «Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі ретінде Ресеймен сауда байланысын одан әрі дамыта бермек»,- деп мәлімдеді. Осыдан бұрын АҚШ-тың Қазақстаннан С-300 әуе-қорғаныс жүйесін Укпаинаған Ресейге қарсы соғыста пайдалану үшін жіберуді сұрағаны туралы жаңалық таралған. Бірақ Қазақстан бұл хабарды теріске шығарды.