Қазақстан көршілерімен құрлық қатынасындағы шектеуді алып тастады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i60298-Қазақстан_көршілерімен_құрлық_қатынасындағы_шектеуді_алып_тастады
Қазақстан үкіметі көршілерімен құрлықтағы шекарадан өтуге қойылған шектеулерді алып тастады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 13, 2022 18:00 Asia/Almaty
  • Қазақстан көршілерімен құрлық қатынасындағы шектеуді алып тастады

Қазақстан үкіметі көршілерімен құрлықтағы шекарадан өтуге қойылған шектеулерді алып тастады.

Қазақстан үкіметі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен құрлық қатынасы шектеулерін алып тастады. Бірақ Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің қызметкерлері екі ел арасындағы жолды қайта ашу туралы әлі ресми хат алмағанын, Қазақстан мен оның көршілері арасындағы құрлық  жолдардағы шектеулерді алып тастауға Тәжікстан азаматтары кірмейтінін айтады. Тәжікстанның Қазақстанмен шекарасы жоқ, бірақ жұмыс істейтін мигранттардың көбі Қырғызстаннан өтіп, Ресейге құрлық арқылы өту үшін Қазақстанды кесіп өтуге мәжбүр.