Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен бір топ қамауға алынды
(last modified Wed, 20 Apr 2022 08:56:48 GMT )
Сәу 20, 2022 14:56 Asia/Almaty
  • Қазақстанда тыңшылық жасады деген айыппен бір топ қамауға алынды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғандарға тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады, мемлекеттік құпияны заңсыз жинады және жария етті деген айыптар тағылғанын хабарлады.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, қазақстандық қауіпсіздік көздері мен ақпарат құралдары ұсталғандар санын айтпағанымен, ұсталғандардың бірі шетел азаматы екені айтылады. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғандардың істері құпия екенін және тергеуді жеңілдету үшін бұдан былай ақпарат берілмейтінін мәлімдеді.