Иран мен Қазақстанның темір жол компаниялары арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
(last modified Mon, 23 May 2022 15:22:16 GMT )
Maм 23, 2022 21:22 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның темір жол компаниялары арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Иран мен Қазақстанның темір жол компаниялары Иран арқылы тауар транзитін айтарлықтай арттыру мақсатында екі ел арасында тарифтік преференция белгілеп, темір жол әріптестігін арттыру туралы меморандумға қол қойды.

Осы меморандум орындалған жағдайда Қытай-Ресей-Еуропа темір жол дәлізі арқылы өтетін тауардың бір бөлігі Қытай-Қазақстан-Иран-Еуропа дәлізімен тасымалданатын болады.  

Осы кездесуде тараптар меморандумға қол қойып, Қытай-Қазақстан-Иран-Түркия дәлізі арқылы өтетін алғашқы контейнерлік пойызды бір айдан аз уақыт ішінде Иранға кіргізуге келісті.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Темір жол компаниясының директоры бастаған жоғары мәртебелі делегация дүйсенбі күні "Темір жол шәһидтері" ғимаратында Иран Темір жол компаниясының бас директоры сейіт Мейад Салехимен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Темір жол компаниясының бас директоры мен Қазақстан делегациясының кездесуінде қос тарап екі елдің экономикалық әріптестігін дамыту және темір жол тасымалын арттыру туралы сұхбаттасты.  

Екі елдің темір жол басшылары Иран арқылы тауар транзитін айтарлықтай арттыру мақсатында екі ел арасында тарифтік преференция белгілеу туралы меморандумға қол қойды.