Нұр-Сұлтан Ташкенттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайды
(last modified Wed, 15 Jun 2022 09:51:58 GMT )
Маусым 15, 2022 15:51 Asia/Almaty
  • Нұр-Сұлтан Ташкенттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайды

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі елінің Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруін қолдайтынын хабарлады.

 

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Женевада өтіп жатқан ДСҰ министрлерінің 12-ші конференциясы аясында ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары Жанель Кушукова Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовпен кездесіп, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жақсы қарым-қатынасқа тоқталып: «Бұл ел  достық және тығыз сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту, сондай-ақ Өзбекстанның ДСҰ-на кіруі жолында жұмыс істеуде»,- деді. Қазақстанның Сауда және интеграция министірінің орынбасары Жанель Кушукова: «Осындай консультациялар аясында ДСҰ-да белгіленген тәртіпке сәйкес екіжақты сауданың өзекті мәселелері де шешілетін болады»,- деп мәлімдеді.